Университетімізде белсенді жастардың бастамасымен Студенттік Құрылыс Жасағы (СҚЖ) құрылып, өз жұмысын бастады.
Бұл жасаққа негізінен университетіміздің еңбекқор, намысты жігіттері тартылып, оқу орнымыздың инфрақұрылымын дамытуға өз үлестерін қосуда. Олар түрлі құрылыс және жөндеу жұмыстарында белсенділік танытып, университеттің көркеюіне зор ықпал етіп келеді.
Басты бағыттар:
Университет аумағын абаттандыру;
Оқу корпустары мен жатақханаларды жөндеу;
Қауіпсіздік пен тазалықты арттыру;
Жаңа нысандардың құрылысына көмек көрсету.
СҚЖ мүшелері – тек жұмысшы емес, нағыз патриот жастар. Еңбектің қадірін түсініп, қоғамға пайдасын тигізуді мақсат еткен студенттеріміз болашақта түрлі салада табысты маман болуға бір қадам жақындай түсті.
Университет әкімшілігі жастардың бұл бастамасын толық қолдап, барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуде.