Главная Новости Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті.
22 қазан 2021                  318925
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті.

22 қазан 2021 жыл Алматы қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың қатысуымен жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев,  Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.А.Сарсенбекова  және басқа да еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары ғылыми және сараптамалық қоғамдастық қатысты.

Кездесуде жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі негізгі проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ жұртшылықты тарта отырып, сарапшылық қоғамдастық арасында белсенді талқыланатын 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы таныстырылды.

Сонымен қатар, кеңесте еліміздің университеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарларды іске асыру мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және оның аумақтық бөлімшелері университеттер құрылымында көрсетілген қызметтерді ашу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтының жұмысын ұйымдастыру бөлігінде барлық мүмкін әдіснамалық көмек көрсететін болады.

"Ашық диалог" түріндегі кеңес форматын ескере отырып, ғылыми қоғамдастық пен ЖОО басшылығы білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен идеяларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлескен жұмыстың жоспарлары мен жобаларын талқылады.