Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Салауатты өмір салтын насихаттау
6 қазан 2021                  318850
Салауатты өмір салтын насихаттау

Салауатты өмір салтын насихаттау, және студенттердің денсаулығын нығайтып,көңілді уақыту өткізу мақсатында 06.11.2021 жылы  күні Алматы қаласында орналасқан атақты «Медеу» мұз айдынында болды.
Медеу Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан ірі спорттық кешен.Кешенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған, алғашқы ресми ойындар 1951 жылдың 4 ақпанында өтті. Стадионға жасанды мұз тек 1972 жылы ғана төселді.Қысқы спорттық ойындарға арналған мұз айдыны, жасанды мұз алаңының аумағы 10,5 мың ш.м, айдындағы мұз жабындысының қалыңдығы 2,3 метрді құрайды. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде 120 аса әлемдік рекордтар жасалды.Кешен жаз айында да таптырмайтын мекен. Онда түрлі спорттық жарыстар өткізіледі. Ал қыста негізгі маусымы ашылады.
Мұз үстіндегі конькимен сырғанау шарасына Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Жаратылыстану-ғылыми пәндері» кафедрасы студенттері барып, табиғат аясында, таза ауамен тыныстап,көңілді уақыт өткізді.