Главная Новости Қазиту-да «Қазақ білімінің, ғылымының және техника мәдениетінің рухани ділдік жаңғыруы» атты бесінші халықаралық конференция өтті
9 желтоқсан 2021                  318967
Қазиту-да «Қазақ білімінің, ғылымының және техника мәдениетінің рухани ділдік жаңғыруы» атты бесінші халықаралық конференция өтті

    Бүгінде ел тәуелсіздігін сақтап, қазақ елін әлемнің озық елдері қатарына қосып, қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық сананы жаңа белеске көтеру мақсатында, Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған қызмет ұшан теңіз.

    Аталмыш бағдарламаны негізге ала отырып, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 8 желтоқсан күні, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен университетіміздің құрылғанына 20 жыл толуына орай , «Қазақ білімінің, ғылымының және техника мәдениетінің рухани ділдік жаңғыруы» атты онлайн форматта бесінші Халықаралық конференция өтті.

   Халықаралық конференция  жұмысына алыс жақын шетел мемлекеттерінің ғалымдарымен қатар, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамы, студенттер мен жас ғалымдар  қатысты.

   Іс-шараның ашылу салтанатында  Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә.Сарсенбекова құттықтау хатын оқып, конференцияның мазмұны жайлы баяндап, «Қазақстанның бүгінге дейін жүріп өткен жолының ең басты құндылығы – ел тәуелсіздігі. Ел тәуелсіздігінің тірегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық, әлеуметтік, мәдени даму, рухани баю, үздіксіз экономикалық өрлеу» екендігіне ерекше тоқталып өтті.

   Конференция барысында Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің , ғылымының және білімінің рухани жаңғыру философиясы мен тарихы, Қазақстанның және әлемнің ғылыми-техникалық дамуының жаңа парадигмасы  мен басқа да,  алуан түрлі тақырыпта баяндама жасалды.

   Осы орайда конференцияға қатысушылар қатарынан,  Мәскеу Мемлекеттік Педагогикалық университетінің психология ғылымдарының докторы, профессор В.Т.Кудрявцев, "Современный смысл понятия "образование"" тақырыбында, Мәскеу қаласы Мемлекеттік Академиялық гуманитарлық ғылымдар университеті, философия ғылымдарының кандидаты В.Н.Панкращенко"Духовные традиции и цифро – сетевые технологии: возможности и угрозы" тақырыбында, Болғар Ғылым академиясының, антропология және фольклористика кафедрасының академигі Вуков Николай, Қалмақия Мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы В.Н.Бадмаев сөз сойлеп, конференция тақырыбы зерделеніп, ұсыныстар талқыланды.

   Пленарлы отырыстың соңы секциялардағы жұмыспен жалғасты. Секцияларда  студенттер пленарлы отырыста сөз  етілген мәселелерді одан әрі толықтыра  түсті.Ұлттық сана мен рухани жаңғыру тақырыбында пікірлер ортаға салынып, ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды  бойға сіңіруге бағыт-бағдар көрсетілді.

  Жиын соңында ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова , «2021 жыл –Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы! Жаңа тарихи кезең! Еліміздің жарқын болашағы қажырлы еңбекті, сапалы білімді ту еткен үздіксіз дамуды талап етеді. Өткенімізді бағалап, бүгінімізді саралап, ертеңімізге сеніммен қарауда рухани бай болайық!»- деп, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.