Главная Новости ҚазИТУ Президент үндеуін қолдайды!
10 январь 2022                  318872
ҚазИТУ Президент үндеуін қолдайды!

Бүгінде елімізде орын алған келеңсіз  жағдай әр азаматты толғандырып отырғаны сөзсіз. Бұзақылар мен содылардың бассыздық әрекеті қоғамда ашу тудырып, үлкен сынға алынып отыр.

Халқымыздың тыныштығын бұзып, еліміздің барлық  өңірлерінде арам пиғылдарын жүзеге асыруға тырысқан лаңкестермен күресу кезінде қаншама сарбаздарымыз , тәртіп сақшылары , құқық қорғау қызметкерлері мен қарапайым халық көз жұмды.

Бассыздық әрекеттің  салдарынан еліміздің экономикасына нұқсан келіп, бейбіт өмірімізге қауіп төнді.

Осындай ел басына күн туған  сындарлы сәтте Президентіміз  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуінде, еліміздегі жағдайды қалпына келтіру шараларының шұғыл түрде іске асатындығы, бұзақылар мен содылардың  іс-әрекеті аяусыз тоқтатылтындығы, жауапкершілікке тартылатындығы, диверсиялық әрекетке  жол берілмейтіндігі баса айтылып,  болашағымыздың жарқын болатынына уәде бергені бәріміздің көңілімізге сенім ұялатты. Сондықтан Мемлекет басшысы  тарапынан атқарылып отырған  саналы қадам мен игі бастамаларды толықтай қолдаймыз.

Осындай қиын қыстау кезеңде жұдырықтай жұмылып, күшіміз бірлікте екенін білдіру әр Қазақстандықтың парызы деп білемін.

Қайғыдан қан жұтып, жақындарынан айырылған халқымызға қайғырып , көңіл айтамыз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!