Главная Новости Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
2 февраль 2022                  318904
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру

 

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым-қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

         Қазіргі заман талабына сай, нарықтық бәсеклестіктің күн санап артуына байланысты, техникалық мамандықтар, инженерлер мен өндірісшілер даярлауға  Мем лекет басшысының өзі  ерекше көңіл бөліп отырғаны рас.

Сол себепті қазіргі таңда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ұжымы, мектеп түлектеріне кәсіби бағдар ұсынып, білікті кадрлар даярлауды жоспарлаумен қатар, сапалы  білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруді көздеп отыр.