Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры Үштілділікті дамыту- сапалы маман даярлауға жол ашу
10 февраль 2022                  318850
Үштілділікті дамыту- сапалы маман даярлауға жол ашу

      Еліміз үшін маңызды қадамның бірі – білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту. Сондықтан мемлекетіміздің қарыштап дамуы  үшін өскелең ұрпақтың көп тілді меңгеруі аса қажет дүниенің бірі.Бұл – заман талабынан туындап отырған қажеттіліктердің бірі.

      Осы тұрғыда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің , Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы, шет тілі  пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен, «English  Club» клубының  ,«Welcome to the Wonderful World   of English» тақырыбында кезекті тегін сабақ беру курсы өтті.

     Кездесу барысында клуб жетекшілері, студенттермен   шет тілін жоғары деңгейде меңгерудің қыр-сырымен бөлісіп, олардың танымдық деңгейін арттырумен қатар, жылдам ойлау қабілетін жетілдіретін түрлі ойындар ұйымдастырды. Қатысуышыларға түрлі сұрақтар қойылып,  студенттер тілді игеру деңгейіне қарай бірнеше топтарға бөліді. Кездесу соңында сабақ өту барысы талқыланып, студенттер  тарапынан түрлі сұрақтар қойылды.