Главная Новости Салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары талқыланды
14 февраль 2022                  318880
Салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары талқыланды

14 ақпан күні  Алматы қаласы бойынша  «ЖИТС ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының » , әлеуметтік дәрігері  Аңсагүл Ерболқызы , Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері арасында ,  « Адамның иммундық тапшылық вирусы және оның алдын алу»  тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты- өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттай отырып, аурудың алдын алу шараларын түсіндіру.

Семинар барысында, әлеуметтік дәрігер Аңсагүл Ерболқызы,  АИТВ/ЖИТС-тің   республикадағы, облыстағы  індеттік  ахуалы, жұғу,таралу жолдары, алдын алу шараларына тоқталып, АИТВ-инфекциясының клиникасы,  зертханалық диагностикасы жайлы толық  мағұлмат берді.

Жиын соңында студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылды.Мысалға, «ЖИТС ауруының неге әлі күнге дейін емі табылмады?», «Бұл аурумен ауыратын адамдардың қабылдайтын дәрілері, ағзаға кері әсерін тигізбейді ме» және т.б..