Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың ұлы ұстазы
16 февраль 2022                  318932
Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың ұлы ұстазы

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен,  "Сөз құдіреті"  әдеби- танымдық клубының кезекті кездесуі өтті.  Қазақ елінің дәстүрлі тіл өнері, шешендік өнер әуесқойлары клубының мүшелері бұл жолы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби-танымдық  кеш өткізді.

 

Бағдарлама А.Байтұрсынов өмір жолына арналған бейне көріністен басталды. Тәрбиелік, танымдық, білім беру және даму әлеуетіне зор ықпал ететін бұл кеш студенттердің ынта жігерін арттыра түсері сөзсіз. Экономика мамандығының 2 курс студенті Тлеуқұл Мейірланның орындауындағы Әбдімомын Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым» өте әсерлі болды. А. Байтұрсынов шығармалары жөнінде есеп және аудит мамандығының 1 курс студенті Смағұлова Камила әңгімеледі. Әбдімәлік Аружан – «Ақын ініме», Шамиев Нұрбек «Қартайған арыстан», Қашағанова Мерей - «Қырық мысал», Сұлтан Махаббат « Өзен Қарасу» өлеңдерін мәнерлеп айтты. Кеш соңында Тлеуқұл Мейірлан «Қара шал» термесін орындап, жұртқа толғандырарлықтай ой салды. Клуб мүшесі Әмірқұл Инабат ұйымдастыру жұмыстарына ат салысып, белсенділігін көрсетті. Клуб жетекшісі Абдисулейменова Раиса Шоғанбекқызы