Главная Новости Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- қоғамның өзекті мәселесі
18 февраль 2022                  318899
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- қоғамның өзекті мәселесі

Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда 18 ақпан күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және төзімділікті жемқорлықтың кез-келген қоғамда қалыптастыру мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру» тақырыбында семинар өтті.

Басқосуда дәріскер Д.А.Ашимбаев  университет  қызметкерлері  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жиынның мән-маңызына тоқтала келе, жемқорлық пен құқық-бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайларды алдын алып, оларды жою,  қызметкерлердің білімін көтеру, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру туралы айтты.

 

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндірілді. Жиын соңында қатысушылар тарапынан қоғамның дертіне айналған жемқорлық аясында түрлі ұсыныстар айтылып, қатысушылар пікірімен сараланды. Тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін сауаттылықты арттыру мәселесі қызу талқыға алынды.