Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ-да Ғылым күніне орай Түркия мен Қазақстанның белгілі ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті
11 сәуір 2022                  318953
ҚазИТУ-да Ғылым күніне орай Түркия мен Қазақстанның белгілі ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

2022 жылы 8 сәуіре  Ғылым күніне қарсаңында Әлеуметтік-гуманитарлық пәнфедрасының ұйымдастыруымен , "Лингвистикалық мектептің дәстүрін жалғастыра отырып.." атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Түркия мен Қазақстанның белгілі ғалымдары, доктор Селенай Кошумджу, профессор Е.Есбосын, профессор Е. А. Өтешева қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - студенттерді түркі лингвистикалық мектебінің дәстүрлерімен, сондай-ақ оның негізгі ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерін таныстыру.

 

Жиын барысында бірнеше өзекті тақырыптар турасында сөз қозғалды, соның ішінде "Түркі лингвистикалық мектебінің негізгі өкілдері", "Қазақстанда түрік тілін оқыту", "Ұлттық аудиторияда ағылшын тілін оқыту" сынды тақырып аясында қатысушылар баяндама жасады. Түркия мемлекетінен ҚазИТУ-ға арнайы келген ғалым Селенай Кошимджу, Қазақстанда түрік тілін үйренудің маңыздылығы жайлы тоқталып, Түркия ғалымдарының Қазақстанның ғылым саласы жайлы көзқарасы туралы пікір білдірді. Басқосуда Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-профессорлары К.К.Котошева , А.Б.Нуртазаева , Р.Ш. Абдисулейменова , З.Р.Ултаракова, А.З. Естемисов сөз сөйлеп, пікір білдірді. Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі А.Б. Нұртазаева барлық қатысушыларға белсенді және жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, Туркия мемлекетінің жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасып, бірқатар жобаларды бірлесе атқару туралы келісімсөз жүргізді.