Главная Новости Ақ жол, саған ҚазИТУ түлегі!
5 июль 2022                  318878
Ақ жол, саған ҚазИТУ түлегі!

2022 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде  салтантты түрде «ҚазИТУ түлегі-2022»  диплом табыстау рәсімі өтті. Мерекелік шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам, Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының профессоры, бітіруші түлектер,  ата-аналар мен қонақтар қатысты.

 

Салтанатты жиынды алғашқы құттықтау сөзімен ашқан ҚазИТУ ректоры Сәрсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы ,түлектерге бағытталған ыстық лебізімен бөлісіп, оқу ордасының жеткен жетістіктерін атап, ҚазИТУ түлектерінің алған білімдері мен кәсіби біліктіліктерінің нәтижесінде мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі еңбек етуін зор қуанышпен атап өтті. Түлектерге сәттілік тілеген Гүлнәр Әлібекқызы, университетті үздік аяқтаған студенттерге қызыл дипломдарын табыстап, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан білім алушылар мен ата-аналарды алғыс хатпен марапаттады.

 

Келесі кезекте әр мамандық бойынша түлектерге дипломдарын табыстау рәсімін университеттің оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов пен кафедра меңгерушілері жалғастырып, бітіруші түлектерге жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мерекелік жиын барысында Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы А.Б.Абуова , кәсіби түрде жоғары білімді маман атанған түлектерді құттықтап, бәсекеге қабілетті білікті маман даярлауда университет басшылығы мен оқытушыларының елеулі еңбегін ерекше атап өтті.

 

Кеш соңында бітіруші түлектер атынан, Есептеу техникалары , автоматтардыру және телекоммуникация кафедрасы , Экономика және қаржы кафедрасы, Технология жабдықтар және стандарттау кафедрасын үздік дипломмен аяқтаған студенттер сөз сөйлеп, университет басшылығына, ұзтаздарына және ата-аналарына алғыс білдірді. Алға қойған айқын мақсаттарын іске асыру жолында ҚазИТУ қабырғасында 4 жыл білім нәрімен сусындап, бүгінгі күні сұранысқа ие маман атанған түлектер оқу ордасымен қимастықпен қоштасып, қолдарына диплом алған толқынысқа толы шақ мәңгі жадында сақталары сөзсіз. ҚазИТУ түлектеріне жарқын болашақ, биік самғау, бақыт, махаббат, ақ жол тілейміз! Қанаттарыңыз талмасын!