Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ-да Қазақстан халқы тілдері мерекесі тойланды
23 қыркүйек 2022                  318990
ҚазИТУ-да Қазақстан халқы тілдері мерекесі тойланды

22 қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халықы тілдері күніне арналған "Тілім менің – тірлігімнің айғағы" атты мерекелік іс-шара өтті.

Айтулы шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген университет ректоры  Г.А.Сарсенбекова,  тіл мерекесін тойлаудағы басты мақсат Қазақстан халықтарының  өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу екенін жеткізді.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары К.К.Котошева, Г.Г.Цыренжапова,Г.А.Овойнка, Б.Р.Овойнка, қазақстандағы және әлемнің басқа елдеріндегі тілдер күнінің тарихы туралы баяндап, тіл- достықтың, бірліктің қазығы, адамдардың ұлтқа, дінге қарамай ауызбірлікте болуына ықпал ететін ерекше құрал екеніне тоқталды.

 

Жиын барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға ат салысқан студенттер қатары , «Бұл мерекенің жоғары идеясын біз ана тілімізге деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеуде, басқа халықтардың тілдері туралы білімді байытуда, бейбітшілік пен келісімге, бір-біріне өзара құрметке ұмтылуда, Отанымызда тұратындардың барлығының ұлттық құндылықтары мен рухани мәдениетін сақтауда көреміз", - деп атап өтті.

Жиналған қауым студенттердің көп тілділігіне, қазақ, орыс, түрік, өзбек, ағылшын тілдерінде өлеңдер мен әндердің жоғары деңгейде орындалуына, домбыра мен гитарада орындалған әуезді әуендер тыңдап, ұлы ғалымдар, жазушылар мен ақындардың тіл туралы дана сөздерін санаға түйді.

Мерекелік шара соңында,  ҚазИТУ ғылыми кітапханасының оқу залында  ұйымдастырылған "Ана тілім – тұғырым"  атты  кітап көрмесіне шолу жасалып, тілімізде ғана емес, бүкіл әлемде кез келген адамды, тіліне, ұлтына және дініне қарамастан бағалау жоғары мәдениеттілік деп  аяқтады.

«Ана тілін жақсы көріңіз, ұлттық және әлемдік тілдерді үйреніңіз!

Любите родной язык, изучайте национальные и мировые языки!

Love your native language, learn national and world languages!»