Главная Кафедры Экономики и бизнес Новости кафедры Студенты КазИТУ отметили международный день туризма в горах Алма-Арасан
28 сентябрь 2022                  319042
Студенты КазИТУ отметили международный день туризма в горах Алма-Арасан

27 қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің , Туризм мамандығы студенттері, Халықаралық туризм күніне орай Алма-Арасан шатқалына саяхат жасады. Табиғатты тану, сезіну, оның ерекше екенін терең түсіну мақсатында ұйымдастырылған экскурсияға 50-ден астан студент қатысты.

 Іле Алатауының шырша жамылғысымен жабылған Алма-Арасан шатқалының табиғатына тамсанған студенттер, таза ауада серуендеп, қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, қосыла ән салып көңілді демалыс ұйымдастырды. Экономика және қаржы кафедрасының оқытушысы А.Е.Жансагимова , «Табиғaтты аялау әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау әрбір адамның борышы»- деп пікір білдірді.

Елімізде өзіндік орны бар табиғаттың көркем жері саналатын Алма-Арасан шатқалы елдегі туризм саласының бой көтереуіне бірден-бір себепші болатыны сөзсіз!