Главная Новости День театра в КазИТУ
3 октябрь 2022                  318934
День театра в КазИТУ

29 қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ректорының бастамасымен студенттердің рухани-адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында,  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының  “Қара шекпен” атты қойылымын тамашалау ұйымдастырылды. Спектакльді тамашалауға университет басшылары, оқытушылар мен студенттерден құралған 250 адам қатысты.

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының "Ең үздік спектакль"  атанған "Қара шекпен" пьесаның авторы – осетиялық драматург Георгий Хугаев, қоюшы-режиссері – Асхат Маемиров. Мұнда төрт түлікті өсірумен айналысатын Шопаннан басқа кейіпкерлердің барлығы жан-жануарлар. Тұзар есімді төбеттің айналасында өтетін оқиға кейіпкерлері – қасқыр, қоян, түлкі, есек, қарға, қой және басқалар. Тұзар есімді иттің өз иесіне адалдығын көр­сететін қойылым адами қасиеттерге құрыл­ған. Жанкештілікпен еңбек еткен ит об­разы арқылы махаббат пен достық, адал­дық­ пен сатқындық сынды қарама-қарсы қасиеттер спектакльдің түпкі идеясына айналған сынды.

Актерлар ойыны да жоғары деңгейде ұсынылып, өзіндік ерекшелігімен жастарды баурай алды. Спектакльде елімізге белгілі актерлар  Б.Камаранов, Ә.Есжан, Е.Рамазанов, Ә.Иманғалиев, Ж.Мақашева, А.Дайрабаева, Л.Кәден, С.Ерзат, Д.Әбікеева, Д.Сүлейменов, Ұ.Болатбек, Е.Кәрібаев, Б.Тушаев,  Г.Байбосынова, А.Қаймақбаева, Е.Садырбаев, М.Әжібеков,  Е.Ха­мидуллин, Е.Ыдырысов өнер көрсетті.

Университет ректоры Г.А.Сарсенбекова өз сөзінде, адами қасиеттер мен құндылықтарды алға тартқан қойылымның жастарға  айтары көп, ой салатын, идеясы терең, тәрбиелік мәні зор заманауи спекталь екенін жеткізді. Осындай құнды дүниені ұсынып отырған жас дарындардан құралған театр ұжымының қашанда өз көрермені болатыны сөзсіз екенін айтты. 

Қойылым соңында  Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері актерлармен естелікке суретке түсіп, түрлі қызықты сұрақтар қойды. Алдағы уақытта театрдың тұрақты көрермендері болатынын уәде еткен білім алушылар,  театрдың керемет, жанға жайлы атмосферасына тәнті болды.