Главная Новости Ректор КазИТУ приняла участие во встрече с Президентом страны
22 ноябрь 2022                  318901
Ректор КазИТУ приняла участие во встрече с Президентом страны

16 қараша күні Мемлекет басшысы Алматы қаласы тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған жиынға Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова қатысты. Жиын барысында Президент Алматы қаласы ғылым мен білімнің жетекші орталықтарының бірі екенін атап өтіп, ғылым саласындағы белсенді жұмыс еліміздің дамуы үшін маңызды екеніне тоқталды.

 

Мемлекет басшысы цифрландыруға және басқа да озық технологияларға негізделген қызметтер бүгінгі таңда ең күшті жаһандық трендтердің біріне айналып отыр деді. Сондықтан да Қазақстан бұл үдерістен шет қалмауы тиіс, осы тұрғыда елдің ең маңызды артықшылығы – жалынды жастар, инженерлердің жаңа буыны болуы керек.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы және қолжетімді білім беруді дамытуға баса назар аударды. Білім сапасын арттырып, халықаралық озық тәжірибені енгізіп қана қоймай, студенттердің оқуы мен өмір сүру жағдайына да тиісті көңіл бөлу қажет екені туралы айта келіп, Ел басшысы ғылымның ашық моделін және эндаумент-фонд сияқты құралдарды енгізу ең тиімді тәсіл екеніне тоқталды.

– Біз адам капиталы табиғи ресурстардан да маңыздырақ болатын дәуірге аяқ басып отырмыз». Еліміздің ең басты байлығы – халық. Сондықтан да халық өзінің потенциалын жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайды жасау – мемлекеттің басты міндеті болып табылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.