Главная Кафедры Техника и технологии пищевых производств Новости кафедры МИТУ Ректоры "Технолог-зерттеуші" клубының жұмысымен танысты
7 декабрь 2022                  1363
МИТУ Ректоры "Технолог-зерттеуші" клубының жұмысымен танысты

Желтоқсан айының жетінші жұлдызында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде  жұмыс жасайтын студенттік 39 клубтың бірі – «Технолог – зерттеуші» жұмысымен таныстым. Студенттер білім алып жатқан бағдарлама негізінде білім-ғылым-инновацияны сәтті үйлестіріп жатқандықтарын көрсетті. Политілді білімалушылар XXI ғасырда жұмысберушілердің талап ететін «жұмсақ дағдыларды» да жақсы меңгергендіктерімен қуантты. Клубқа жетекшілік ететін оқытушыларға зор алғыс! Клуб мүшелері: Абдулбакиев Арманжан, Абдыкулова Ақгүл, Мұхан Мөлдір, Садық Диана, Сапаш Динара, Талғатқызы Әсел, Телебаева Дина, Уразбаева Меруерт, Эркинбекова Ажар, Құлдашова Айнұр, Бахытұлы Мейіржан, Апбасбек Арайға оқуларына табыс тілеп, мықты маман – Адам  болуларына тілектестігімді білдіремін!

МИТУ студенттерін әрқашан да мақтан тұтады!

 

Құрметпен,  ҚазИТУ ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова.

7-қазан 2022 ж. Алматы қ.