Главная Новости В МИТУ состоялось очередное заседание Ученого совета
27 декабрь 2022                  157
В МИТУ состоялось очередное заседание Ученого совета

27 желтоқсанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде ғылыми кеңесітің мүшелерінің кезекті мәжілісі өтті. Университет ректоры, проректорлар, кафедра меңгерушілері мен құрылымдық бөлім басшылары қатысқан алқалы жиынның күн тәртібінде бірнеше негізгі мәселелер қарастырылды.

Кеңес жұмысын университет ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова ашып, көтерілген тақырыптарға шолу жасады.Жиында стратегиялық даму, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Оксана Каруна университеттің 2022-2023 оқу жылындағы Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің қорытындылары баяндап, жан-жақты есеп берді.

Келесі кезекте, Жастар саясаты департаменті директоры Дильда Смагулова 2022-2023 оқу жылының I жартыжылдығында атқарылған куратор-эдвайзерлік жұмыстың қорытындысымен бөлісті. Университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары, 2022-2023 оқу жылындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалуы туралы есепті Әкімшілік-шаруашылық жұмыстар департаменті директоры Раимжан Джалилов баяндады.

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша шығарылған шешімдер талқыға салынып, қорытындылай келе, студенттер арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту барысында арнайы ережелер бекітіліп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге оларды іске асыру жөнінде тапсырма берілді.