Главная Новости Университеттің үздік футболшылары анықталды
28 март 2023                  913
Университеттің үздік футболшылары анықталды

24 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекесі аясында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын қолдау мақсатында шағын футболдан 1-4 курс студенттері арасында ашық турнир өтті. Жарысқа төрт құрама команда қатысып, жасыл алаңда өз шеберліктерін байқатты. Ойын басында жеребе тарту рәсімінен соң командалар сапқа тұрып, жарыстың ашылу салтанатын әнұранмен бастады.

Жарыс қызу да, қызықты өтті. Қатысушылар ойын ережесін сақтай отыра, жарысты өз дәрежесінде өткізді. Ойын нәтижесі бойынша 2 курс студенттерінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынға оқуға жаңадан қадам басқан 1 курс студенттері орнықты. Үшінші орынды колледж  студенттері иеленді. Жүлделі орны алған командалар мараппатталып, арнайы сыйлықтартар табысталды.

Сондай-ақ үздік ойыншы атауы номинациясы бойынша 1 курс студенттер командасының шабуылшысы Муслим Дияр марапатталды.Жасөспірімдердің бос уақытты тиімді пайдалануы және спорт түрлерін жастар арасында кеңінен насихаттау университет ұжымының басты назарында.