Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры "Өлкетану" клубы ҚР Орталық мемлекеттік тарих мұражайына экскурсия жасады
6 апрель 2023                  1124
"Өлкетану" клубы ҚР Орталық мемлекеттік тарих мұражайына экскурсия жасады

4 сәуірде  "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері" кафедрасының «Өлкетану» клубының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор С.Д. Шаймуханова, клуб мүшелерін  Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік тарих мұражайымен таныстырды. 

 Тарих мұражайына бару – өз еліміздің тарихы мен мәдениетімен танысудың тамаша мүмкіндігі.  Студенттер үшін бұл қызықты саяхат қана емес, сонымен қатар мәдениет пен білім саласындағы маңызды тәжірибе болды. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы – Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең көне және ең ірі мұражайлардың бірі.  Мұражайда студенттер 4 экскурсиялық залдарды аралады: палеонтология және археология залы, тарихи этнография залы, «Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы мен этнографиясы», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.  1941-1945» және «Заманауи Қазақстан» залдары. Бірінші залға экскурсияны гид жүргізді, ол тыңдаушыларды Жердегі тіршіліктің пайда болуы, Тарихқа дейінгі жануарлар мен өсімдіктердің пайда болуы, адам өмірінің алғашқы іздерінің пайда болуы, тайпалық одақтар мен мемлекеттердің қосылуы кезеңіне тереңінен түсіндірді. Студенттер тасқа айналған ағаштар бөліктерінің, жәндіктердің, балықтар мен өсімдіктердің тақтайшалардағы іздерін зор ықыласпен зерттеді.  Бұл экспонаттардың көпшілігінің жасы миллиондаған жылдардан асқан. Сондай-ақ, студенттер Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттарын зерттеуге қызығушылық танытты. Басты назар тұңғыш қазақстандық ғарышкер – Тоқтар Әубәкіровтың скафандрына ерекше ауды. Білім алушылар естелікке суретке түсіп, таңдана қарады.

 

            Клуб белсендісі Шырын Ришатқызы, «Маған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайында өткен экскурсия өте ұнады.  Бұл таңғажайып тәжірибе, адамзаттың бірнеше мыңжылдық тарихын өз көзіммен көру мүмкіндігі болды. Мұнда көне еңбек құралдары, оларды жасауға қолданған металдар, сондай-ақ ежелгі адамдардың тас құралдан темірге қалай ауысқаны туралы көрсетілген.  Ескі балқымалар мен сол кездегі сәулет өнері менде ерекше қызығушылық тудырды. Ең басты есімде қалғаны, Әмір Темірдің сол кездегі ең әдемі ғимараттардың бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалай салғаны. Мұражайда оның макеті көрсетілген. Мен өзім үшін көптеген жаңа және пайдалы ақпаратты білдім» - деді.