Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте Словакиядан келген докторант ғылыми тағылымдамадан өтуде
3 мамыр 2023                  937
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте Словакиядан келген докторант ғылыми тағылымдамадан өтуде

2023 жылы 2-31 мамыр аралығына Словакия ауыл шаруашылығы университетінің докторанты Нора Харинг, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде "Тамақ қауіпсіздігі" білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуде. Ғылыми тағылымдама жетекшісі техника ғылымдарының докторы, "Тамақ өндірісінің техникасы мен технологиясы" кафедрасының профессоры Абуова Алтынай Бурхатқызы.

Нора Харингтің докторлық диссертациясының тақырыбы "Кәдімгі Құлмақты (Humulus lupulus) технологиялық өңдеу нәтижесінде пренилденген флавоноидтардың құрамындағы өзгерістерді талдау". Ғылыми кеңес беруге бөлінген уақыт ішінде докторлық диссертацияның мазмұнына және ғылыми зерттеудің аралық нәтижелеріне талдау жүргізілетін болады. Ғылыми жетекшімен зерттеу тақырыбы бойынша қолда бар деректер талқыланды және Scopus-та индекстелген басылымға мақала жазу үшін материал дайындалды. Сондай-ақ, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен кездесу өтті, онда Нора өзінің зерттеу қызметі мен Университеті туралы айтты.