Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік және жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» тақырыбында ашық дәріс өтті
15 мамыр 2023                  960
«Шомылу маусымындағы қауіпсіздік және жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» тақырыбында ашық дәріс өтті

10 мамырда Халықаралық инженерлік-технололгиялық университетінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, майор С.А. Баймухамбетова,  алдағы шомылу кезеңіне байланысты шомылу маусымының қауіпсіздік шаралары туралы, еліміздің су айдындарында адам өлімінің алдын алу, жер сілкінісі қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік және жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» тақырыбында арнайы дәріс өткізді.

 

Дәріс барысында студенттер шомылу кезеңінде судағы қауіпсіздікті алдын алу шараларымен танысты. Сонымен қатар, құрылымдық емес сейсмикалық күшейту және «дабыл чемоданын» жинақтау туралы ақпарат алды. Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері 4Д оқу плакатына тоқталып,  ондағы картиналар  қараңғыда «тірілетіндігін» көрсетті. Бұл оқытушылар мен студенттерге жер сілкінісі мен өрт кезіндегі іс-қимыл теориясын үйретіп қана қоймай, оны іс жүзінде бекітуге мүмкіндік береді. Сабақта білім алушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс және жедел іс-қимылдарды меңгерді.

 

Қамтылған ақпаратты толық меңгеру мақсатында өмір қауіпсіздігі бойынша оқыту бейнероликтері көрсетіліп, брошюралар мен жадынамалар түріндегі көрнекі құралдар таратылды. Дәріс соңында қатысушылар тарапынан тақырыпқа байланысты сан-алуан сұрақтар қойылып, іс жүзінде жаттығулар жасалды.