Главная Новости "Болашақ түлегі" Metu University студенттерімен кездесті
25 мамыр 2023                  2920
"Болашақ түлегі" Metu University студенттерімен кездесті

24 мамырда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде  Қазақстанды әлемге танытқан тұлға, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Ұлыбританияның Глазго университетінің оқытушысы  Бақыт Төлегенов білім алушылармен кездесіп, «Көшбасшылықты неден бастаймыз?», «Көшбасшы болу үшін қандай студент болу керек?» тақырыптарында өз кеңестерімен бөлісті.

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Университетін үздік дипломмен аяқтап, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания, Глазго университетінде магистратура тәмамдап, Санкт-Петерборда білімін жетілдірдірген Бақыт Төлегенов білім, ғылым саласында  бірнеше ғылыми жобаларды іске асырып, Машина жасау саласының үздік маманы атанған.
Қазіргі  таңда жергілікті Глазго университетенің докторанты және осы жерде оқытушы болып қызметін жалғастыруда.Сонымен қатар, Филиппинде өткен Manhunt International
ерлер арасындағы сұлулық байқауында үздік 40 мистер тізіміне ілініп, финалда Қазақстан Республикасының атын шығарған.

Кездесу барысында студент жастардың бойындағы тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға, жігерлендіруге септігін тигізетін пайдалы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Жастар ұйымдары комитеті мүшелері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, студенттік декандар өз кезегінде қонаққа түрлі сұрақтар қойып, сұхбаттасты. «Алдағы уақытта елге оралып,  шетелде алған біліміңіз бен тәжірибеңізді жастарға үйрету, бөлісу ойыңызда бар ма?», «Республикадағы білім жүйесіне қандай өзгеріс енгізер едіңіз?», «Жастардың білімге,  ғылымға деген ынтасын қандай дағдылар арқылы жігерлендіруге болады?»  және т.б. сұрақтар қойды. Студент жастардың сауалдарына,  «Қазіргі таңда ғылыммен айналысып жатырмын, жобамның ақтық шегіндемін. Оны аяқтаған соң елге оралып, мемлекетіміздің білім-ғылым саласына өз үлесімді қоссам деген ойым бар» -  деді жас ғалым.


 

https://ais.kazetu.kz/documents/storage/16/1685011570_0.JPG