Главная Кафедры Smart технологии в инженерии Новости кафедры Құттықтаймыз!
21 февраля 2019г                  318787
Құттықтаймыз!

2019 ж. 21- ақпан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Алматы аймақтық ЖОО ректорлары кеңесінің» кезекті мәжілісі өтті. Ректорлар кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының және «Алматы аймағы жоғары оқу орындары ректорларының Кеңесі» Қауымдастық Комиттерінің қызметі, жоғары білімнің даму траекториясының жүйелі өзгеруі, Ғылым туралы заңдарға ұсыныстар енгізу және білім беру жүйесін дамытуға жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталады.

Аталмыш мәжіліске қатысқан ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекова университет дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Құрметті Гүлнар Әлібекқызы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ұжымы атынан жетістігіңізбен құттықтаймыз! Еңбегіңізге жеміс, шығармашылық табыстар тілейміз!

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі