Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры "Қазақстан Республикасының жасыл экономикасы: қазіргі жағдайы және мүмкіндіктері" атты дөңгелек өтті.
04 қазан 2019                  318725
"Қазақстан Республикасының жасыл экономикасы: қазіргі жағдайы және мүмкіндіктері" атты дөңгелек өтті.
2019 жылдың 4 қазанында, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде "Қазақстан Республикасының жасыл экономикасы: қазіргі жағдайы және мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ҚазИТУ-нің «Экономика және Қаржы» кафедрасы ұйымдастырды. Дөңгелек үстел отырысына «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстел аясында әлемде қолданылатын қалдықтарды басқару жүйесінің жалпы аспектілері, сондай-ақ оларды басқару секторының даму перспективалары қаралды. Дөңгелек үстел сұрақтары энергия үнемдеу және қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерінің барлық спектрін қамтыды. Іс-шарада белгіленген тақырыптың түрлі аспектілері бойынша Натибай Б. Г. (1 курс), Мамбетиярова А. (4 курс), Балаева Я. (4 курс), Әмірханова А. (1 курс), Димухамедова А. (3 курс), Немитуллаев Э. (2 курс), Юсупбаев И. (3 курс), Дәулеткелді Т. (4 курс) баяндама жасады. Барлық баяндамалар Power Point редакторында жасалған презентациялармен сүйемелденді. Іс жүзінде барлық баяндамаларда айтылғандай, ҚР-да жасыл экономиканы дамыту үшін мемлекеттің рөлін күшейту қажет. Дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылай келе, оның жүргізушісі э..ғ.д., проф. М. В. Ахмедьярова Жасыл экономика — бұл тек экономикалық ғылымдағы жаңа бағыт емес, қоғамның барлық экономикалық, әлеуметтік, саяси саласына енетін жаңа сана болып табылады. Соңғы екі онжылдықта қалыптасқан «жасыл экономика» тұжырымдамасы осы салалар арасындағы неғұрлым үйлесімді және келісілген өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай түсіністікпен ол дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларын тек білім кешенін ғана емес, сонымен қатар болашаққа тиесілі жастардың дүниетанымын қалыптастыруға шақырды. Қатысушылардың баяндамалары экология саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми студенттік мақалаларды жазу үшін негіз ретінде, сонымен қатар "Экономика және қаржы" кафедрасының әдістемелік әзірлемелерінің бір бөлігі болып пайдаланылуы мүмкін.

Студенттік баспасөз қызметі