Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Жұмыс берушілер қатысуымен дөңгелек үстел өтті
26 февраля 2020                  536
Жұмыс берушілер қатысуымен дөңгелек үстел өтті

25- ақпан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде "Экономика және қаржы" кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы ЖОО-ның өндіріспен байланысын нығайту мақсатында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш шараға университет басшылығы, «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттер сондай – ақ жұмыс берушілер тарапынан "Даму " кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалы директорының орынбасары Е. Жоламанов, "Icar Construction" ЖШС директоры Н.Аманжолов,"Banana Tour"директоры және құрылтайшысы Г.Абдрахманова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар алдында келесі маңызды тақырыптарға шолу жасады: Жас маман жұмысқа орналасу кезінде қандай қиындықтарға тап болатынын анықтау, Ісін жаңа бастаған кәсіпкер не білуі тиіс?, ЖОО бағдарламаларында қандай пәндерге көбірек көңіл бөлу керек?, Бәсекелестік жағдайында жұмыс беруші мамандарға қандай жаңа талаптар қояды?

Дөңгелек үстел аясында жұмыс берушілердің өкілдері жиналғандарға өз ұйымдарына кадрларды қалай іріктеуге болатындығын, кандидаттарға қандай талаптар қойылатындығын, әңгімелесулерде қандай қателіктер жіберетінін және т.б. жас мамандарға маңызды талаптарды атап, өз кеңестерін берді.

Оқытушылар мен студенттерді өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі, еңбек нарығында қандай біліктілік талап етіледі, жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлердің жұмыспен қамтылуы, болашағы зор кадрларды даярлау үшін білім беру гранттарының санын арттыру сияқты өзекті мәселелер қызықтырды.

Дөңгелек үстел отырысы университет басшылығының, кафедра профессор-оқытушылар құрамының, студенттер мен жұмыс берушілер өкілдерінің белсенді қатысуымен жоғарғы деңгейде өтті.