Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры СЕМИНАР-ТРЕНИГ: «ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ СТАНДАРТТАРЫ»
02 наурыз 2020                  318854
СЕМИНАР-ТРЕНИГ: «ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ СТАНДАРТТАРЫ»

20-шы ақпан 2020 жылы эдвайзердің тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасында студенттерге арналған «Зерттеу және ғылыми жұмыстарды жариялау стандарттары» тақырыбына семинар-трениг өткізілді.

Семинарда кафедра оқытушылары және университетіміздің «Қаржы», «Маркетинг», «Экономика», «Туризм» мамандықтары бойынша 1 курс, «Тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау» 3 курс, «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» 4 курс студенттері белсенді қатысты.

Бұл семинардың негізгі идеясы - бірінші курс студенттерін ғылыми журналдардағы жарияланымдарға қойылатын талаптармен, оның ішінде ҚР БжҒМ KKSON, SCOPUS, Thomson Reuters ұсынған басылымдармен, Қазақстан Республикасында және шетелде өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу шарттарымен, ғылыми жобалар конкурсына және ғылымға қатысты басқа аспектілермен таныстыру. Сонымен қатар, студенттердің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және рәсімдеу, оқу, өндірістік, дипломалды практикаларын орындау стандарттары туралы түсініктеме берілді Студенттер алдында сөз алған кафедра оқытушылары: х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ирискина Л.Б., х.ғ.к., жаратылыстану пәндер кафедрасының меңгерушісі Муздыбаева Ш.А., PhD, доцент Бегимова Г.У., аға оқытушылар Тастемирова Б.Е., Тұрсбекова Г.Ж.