Главная Новости Қызыққа толы сыр-сұхбат!
15 октябрь 2020                  318820
Қызыққа толы сыр-сұхбат!

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Студенттік қызық мол жылдар!» атты айдар онлайн түрде өз жалғасын тапты. Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өткен кездесудегі бұл жолғы ҚазИТУ студиясының қонағы Қазақ эстрадасының жұлдызы, жүректердің жүлдесін алған әнші, композитор, «Ханшайым»,«Жылама жаным», т.б. хит әндердің орындаушысы Ғаділбек Жанай болды! Қызыққа тол кездесуге студенттер мен олардың ата-аналары, эдвайзерлер, мектеп оқушылары қатысты. Онлайн кездесуді ҚазИТУ Жастар саясаты департаментінің директоры, PhD докторы Қосқанат Көпжасар жүргізді.

Сұхбат барысында Ғаділбек Жанайдың өмірі, балалық шағы, студенттік кездегі қызықтары, өнер жолындағы алғашқы қадамы мен қоғамдық ой- пікірлеріге байланысты ақпараттар айтылып рухани байлыққа толы, тағылымы мол сыр-сұхбат болды. Жұлдызды қонағымызға студенттердің қояр сұрақтары да толасыз болды. Ғаділбек ағамыз студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, өмірлік жолдарында азық болатын кеңестерімен бөлісті. Жастарға көп кітап оқып, рухани дамып, спортпен айналысып әрдайым даму үстінде болуға шақырды.

Сұхбат барысында қонағымыз «Біз түпкі мақсатымызды ұмытпауымыз керек, ата-баба жолын жалғап, бір - бірімізді сыйлап тілекші болсақ, жеткен жетістіктерімізге қуанып, бірлікте еңбек етсек біз тек биіктерге жетеміз. Жастар өткеніміз бен болашағамыздың ортасын жалғар ұлы көпір болса, ұлыллардан қалған дара жолмен жүріп, білім алып, мәдениетіміз бен салт- дәстүрімізді құрметтесе бізден биік ұлт болмайды. Ол үшін сапалы білім, қажырлы еңбек, салауатты өмір-салты керек. Мен сіздерге осы жолды ұстануға шақырамын. Болашақ сіздер секілді биікке ұмтылған жастардың қолында»- деп ақ жарма тілегін арнады. Сонымен қатар онлайн кездесуге белсенді қатысып қонағымызға қызықты сұрақ қойғаны үшін 1-курс студенті Тілепалдықызы Айдана Жастар ұйымдары комитеті атынан қаржылай сыйақыға ие болды.

Қызықты кездесу соңында Ғаділбек Жанай халықтың қошеметіне бөленіп, жастар арасында хит болған үздік әндерін қазақтың қара домбырасымен орындап, экранның арғы жағында отырған көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады.

Пандемия жағдайына байланысты қашықтықтан білім алып, үйде зеріккен студенттер үшін Ғаділбек Жанай ағамызбен өткен онлайн кездесу керемет әсер сыйлады. ҚазИТУ студенттеріне арнайы уақыт бөліп, қызыққа толы сыр-сұхбаттың қонағы болғаны үшін Ғаділбек Жанайға үлкен алғыс білдіреміз! Өнер жолында да, өмір жолында да сәттілік тілейміз!