Главная Новости «Таланттар Лигасы» жастар ұйымы құрылды!
14 қазан 2020                  318790
«Таланттар Лигасы» жастар ұйымы құрылды!

ҚазИТУ колледжінде талантты, өнерлі жастарды қолдау мақсатында «Таланттар Лигасы» жастар ұйымы құрылды. Ұйымның ашылуына бірден-бір түрткі болған Жастар ісі комитетінің төрағалығына үміткер болып 133 дауыс жинаған Тоқталы Зейнеп Нұрболатқызы. Сонымен қатар, студенттер тарапынан колледж әкімшілігіне және Жастар ісі комитетіне ұсыныстар түсіп, ұйымды құру туралы студенттердің және колледж әкімшілігінің қатысуымен 14 қазан күні жиын өткізілді. Жиын барысында ұйымды құрудың бірнеше себептері мен артықшылықтары аталып өтіліп, ұйым төрайымы ретінде Тоқталы Зейнеп Нұрболатқызы сайланды.

«Таланттар Лигасы» жастар ұйымының ережесі, құрылымы мен жоспарын 19 қазан күні колледж басшысы бекітті. Жалпы айтқанда ұйымда 5 клуб ашылып, 10 студент қабылданды. Олар:

  • «Funtravel kazetu» туристік клубы;
  • «Ambassador Creative» клубы;
  • «Golden POP» клубы;
  • «ҚазИТУ pressa» клубы;
  •  «Хэлперы » еріктілер клубы.