Главная Новости Прошел командный конкурс «Мамандығым – мақтанышым»
13 февраля 2021                  318856
Прошел командный конкурс «Мамандығым – мақтанышым»

КазИТУ колледжінде 1226000 – Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру тобы мен 0601000 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандықтарының 3 курс студенттері арасында «Мамандығым – мақтанышым» атты топтық сайыс өтті. Байқау екі айналымнан тұрды: 1 айналым «Азық-түлік өнімдерінен тағам дайындау технологиясы», 2 айналым «Өнім көрсеткіштерін анықтау әдістері» деп аталды. Сайысты ТЖжС ПЦК арнайы пәндер оқытушылары Капарова Арайлым Абдугалиевна, Амантаева Ажар Айыповна және Бейсебаева Мөлдір Бериковнаның ұйымдастырды.

Әрбір айналымға белгілі бір уақыт беру арқылы студенттердің жылдамдығын және тағамның дәмін негізге ала отырып әділқазы мүшелері сайыстың қорытындысын шығарды. Қазылар мүшесінде колледж директорының оқу-тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Олжас Маратұлы, колледж методисті Ақзат Болатовна және химия пәнінің оқытушысы Шынар Танирбергеновна төрелік етті.

Қорытынды шешім бойынша жеңімпаздарға орын беріліп арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі 3 орынға ие болған 0601000 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенті Нақысбекова Айдана және 1226000 – Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру мамандығының студенті Исхаков Бақдаулет. Жүлделі 2 орынға ие болған 0601000 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенті Имангазиева Асель. Жүзден жүйрік шығып өзінің шеберлігімен қазылар алқасының көңілінен шыққан 1226000 – Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы мамандығының студенті Айдаралы Бақберген 1 орынды қанжығасына байлады.

Белсенділік танытып, өз білімдерін практика жүзінде көрсете білген студенттерге Алғысымыз шексіз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!