Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК» АТТЫ ТАҚЫРЫПТАДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
01 марта 2021                  318884
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК» АТТЫ ТАҚЫРЫПТАДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2021 жылдың 25ақпанда сағат 14:00-де Қазақстан инженерлік-технология университетінде Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік- Тәуелсіздік» атты тақырыпта Zoom бағдарламасы негізінде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Әбжанов Хангелді Махмұтұлы-тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми орталығының жетекшісі., Салқынбек Досалы Исаханұлы- тарих ғылымдарының кандидаты, ҚазҰАЗУ-нің профессоры және Кабдушев Болат Жоламанұлы- тарих ғылымдарының кандидаты, Ғұмарбек Даукееев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі қатысты.
Академик Қазақстан Республикасының президентінің « Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына тоқтала кетіп жан-жақты талдау жасады.Сондай-ақ кеш қонақтары тұжырымды өз ойларын ортаға салып, ұлт қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы саяси күресіне объективті тарихи баға берді. Студенттердің сұрақтарына жауаптарын қайтарды. Университет ұжымы тарихи-танымдық маңызы зор осындай өзекті тақырыптарға арналған дөңгелек үстелдерді алдағы уақытта да ұйымдастырып отыруды жөн санайды.