Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры Саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын еске алу күні
31 май 2021                  318909
Саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын еске алу күні. Биыл қазақ халқына ауыр апат әкелген нәубеттер - 1921-22 жж. аштыққа 100 жыл, 1931-33 жж. аштықтың болғанына 90 жыл өтті. Бұл кеңес билігінің жүргізген саясатының нәтижесі. Әуелі халыққа ет-астық салығын, оған қосымша небір алым-салықтарды ойлап тауып науқандар ұйымдастырды, орындамағандарды аяусыз жазалады. Байлардың малдарын түгелдей тәркілеп, ауқатты шаруашылықтарды тып-типыл жойды. Содан кейін қарапайым шаруалардың малдарын тартып алып аштан қырды.

Осы орайда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта кездесу болып өтті.Кездесу қонағы әль-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Археология, этнология және музеология» кафедрасының профессоры Шалекенов Мурат Уахитұлы қатысты. Сондай-ақ т.ғ.докторы, профессор Г.А. Сармурзина тарихи мұрағаттық деректер келтіре отырып тарихи оқиғаны толықтай ашып айтты. Осы зұлмат жылдардың азалы оқиғаларын, жазықсыз құрбан болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы. Өскелең ұрпақты өткеннің тағылымын үйрету, жаңа ілім-біліммен сусындатып келешекке тәрбиелеу әр толқын ұрпақтың міндеті.