Главная Новости Коронавирустан қорғану әдістері
28 қыркүйек 2021                  318833
Коронавирустан қорғану әдістері

«Асмед-2» емханасының дәрігері Молдажарова Н.Е. ҚазИТУ колледжінің студенттеріне коронавирустан қорғану жолдары жайлы онлайн-лекция оқыды.

Жаһандық пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі - қолды сабынмен және сумен жиі жуу керек екендігін түсіндіріп, вирустың таралуын болдырмау жолдарымен  таныстырды:

  1. Түшкіру мен жөтелудің дұрыс әдебін сақтаңыз: жөтел немесе түшкіру кезінде ауызды және мұрынды бүгілген шынтақпен немесе майлықпен қалқалаңыз, пайдаланған майлықты дереу тастаңыз және қолды жуыңыз;
  2. Бетіңізге (ауызға, мұрынға, көзге) тимеңіз;
  3. Әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз: қол алысу, құшақтасу немесе сүйісу, бірге тамақтану, бір ыдысты, кеселерді және сүлгілерді бірге пайдаланудан аулақ болыңыз;
  4. Суық тиген немесе тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыстан аулақ болыңыз;
  5. Егер сізде немесе сіздің балаңызда жоғары температура, жөтел немесе тыныс тарылу белгілері болса, уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз;
  6. Вируспен жанасуы мүмкін беттерді барынша жиі тазартыңыз (әсіресе қоғамдық орындарда).

Дендеріңізге саулық тілей отырып, сақтық шараларын ұмытпауларыңызды сұраймыз!