Басты бет Хабарландыру таспасы Студенттердің ғылыми жұмыстарына конкурс жарияланады!
25 желтоқсан                  3562
Студенттердің ғылыми жұмыстарына конкурс жарияланады!

Студенттерді «Тағам өнімдерінің технологиясы» бағыты бойынша Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының I турына қатысуға шақырамыз.

Конкурстың мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, тағам технологиялары саласындағы инновациялық идеялар мен тәжірибеге бағытталған әзірлемелерді қолдау.

Жұмыстардың тақырыптары мыналарды қамти алады:

  • тағам өнімдерін өндіру технологияларын әзірлеу және жетілдіру;
  • инновациялық және функционалдық тағам өнімдері;
  • азық-түлік шикізаты мен өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы;
  • ресурсты үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар;
  • тағам өнімдерін өңдеу мен сақтаудың заманауи әдістері.

Ғылыми жұмыстарды ұсыну тәртібіМИТУ ережесіне сәйкес.

Егер сіз тағам технологияларына, азық-түлік өндірісіндегі инновацияларға және ғылыми-зерттеулерге қызығушылық танытсаңыз – бұл конкурс Сіз үшін!

Конкурсқа барлық курс студенттері қатыса алады. Қатысыңыз және кәсіби дамуға қадам жасаңыз!

Ғылыми ортада өзіңізді таныту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!