Бос білім гранттарын тағайындау бойынша конкурс өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген
бакалавр немесе магистр дәрежесін алуға арналған жоғары және жоғары білімнен кейінгі
білім беру грантын беру ережелерінің 24-тармағына сәйкес,
Халықаралық инженерлік-технологиялық университет жоғары білім алу барысында
босатылған республикалық бюджет қаражаты есебінен төмендегі білім беру бағдарламалары
бойынша ақылы негізде оқып жатқан студенттер арасында бос білім беру грантын беру
бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін 2025–2026 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша
транскриптті қоса отырып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҚР ҒЖБМ) атына
өтініш беру қажет.
Өтініш қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін.
Жоғары білім алу процесінде босаған ваканттық білім беру гранттарын беру рәсімі
төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
-
Ақылы негізде оқитын жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушы
университеттің Офис-регистраторына ҚР ҒЖБМ-нің атына мемлекеттік білім беру гранты
бойынша әрі қарай оқуға ауыстыру туралы өтінішті және жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесін тапсырады. Бүкіл оқу кезеңі үшін транскрипт
Офис-регистраторға ұсынылады;
-
Офис-регистратор білім алушының өтініші мен құжаттар пакетін қабылдап,
оларды тіркеу журналында тіркейді;
-
Университет әкімшілігі келіп түскен өтініштерді қарап,
оларды Ғылыми кеңестің қарауына шығарады;
-
25 қаңтарға дейін ЦОО ваканттық білім беру гранттарына ауыстыруға үміткерлердің
тізімін түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігіне (ҚР ҒЖБМ) жолдайды.
Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңес пен Қамқоршылық кеңестің шешімі,
транскрипт, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,
білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) және жоғары оқу орнынан
шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі қоса тіркеледі;
-
ҚР ҒЖБМ келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламалары топтары,
оқу нысандары мен оқу мерзімдері бойынша, оқуға түскен жылын ескере отырып
қарайды және оң шешім қабылданған жағдайда жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ваканттық білім беру грантын
тағайындау туралы бұйрық шығарады. Үміткерлер болмаған жағдайда
ваканттық гранттар даярлау бағыты немесе білім беру саласы шеңберінде
қайта бөлінеді;
-
ҚР ҒЖБМ-нің мемлекеттік білім беру грантын қайта рәсімдеу туралы бұйрығы негізінде
Білім беру саласындағы ұлттық стандарттар және тестілеу ұлттық орталығы
өтініш берген білім алушының атына мемлекеттік білім беру гранты иегерінің
куәлігін ресімдейді;
-
Білім беру грантын тағайындау туралы берілген куәлік пен ҚР ҒЖБМ бұйрығы негізінде
Офис-регистратор университет бойынша білім алушыны білім беру гранты бойынша
әрі қарай оқуға ауыстыру күнін көрсете отырып бұйрық шығарады.