Басты бет Хабарландыру таспасы МИТУ Ғылым онкүндігіне қатысуға шақыру (10–20 сәуір 2026 жыл)
02 сәуір 2026                  1223
МИТУ Ғылым онкүндігіне қатысуға шақыру (10–20 сәуір 2026 жыл)

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2026 жылғы 10–20 сәуір аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде өтетін Ғылым онкүндігі шеңберіндегі іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

Ғылым онкүндігінің бағдарламасы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны, дөңгелек үстел отырыстарын, ғылыми семинарларды, ғылыми-техникалық әзірлемелер көрмелерін, сондай-ақ жетекші ғалымдар, жас зерттеушілер және кәсіби қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылатын ашық дәрістерді қамтиды.

Сіздің қатысуыңыз ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және озық білімдер мен тәжірибелер алмасуын ілгерілетуге елеулі үлес қосатынына сенім білдіреміз.

Сізді Ғылым онкүндігі аясындағы іс-шаралар қатысушыларының қатарынан көруге қуаныштымыз.

Ғылым онкүндігінің Бағдарламасы