Басты бет Хабарландыру таспасы «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ — 2026» БАЙҚАУЫ
6 қараша                  185
«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ — 2026» БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2026» байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқаудың бірінші (жоғары оқу орныішілік) кезеңі 2026 жылғы 5 қарашада басталып, 2026 жылғы 18 қараша сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Байқаудың екінші кезеңі 2026 жылғы 1 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар).

Байқаудың бірінші кезеңіне қатысу үшін жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатарындағы кандидаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға өтініш;
  2. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы (2026, 2025, 2024, 2023, 2022 жж.) деректер);
  3. Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс кестесі (2026–2027 оқу жылы);
  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Байқаудың бірінші кезеңі бойынша апелляцияға өтініш беру 2026 жылғы 19–20 қараша аралығында өтеді.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауын өткізу туралы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген.

Сонымен қатар, аталған байқаудың жеңімпаздары мен «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері соңғы он жыл ішінде осы байқауға қатыспайды.