Басты бет Хабарландыру таспасы AI-Sana бағдарламасының III кезеңі: студенттік идеядан нақты стартапқа қадам
17 қараша                  82
AI-Sana бағдарламасының III кезеңі: студенттік идеядан нақты стартапқа қадам

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетіндегі AI-Sana

  • Ұзақтығы: 16 апта, аптасына 15–17 сағат;
  • Оқуға арналған уақыт: шамамен 235 міндетті сағат;
  • Кезеңнің басталуы: 2026 жылғы желтоқсан айынан бастап;
  • Оқытушылар: тәжірибелі 40 спикер;
  • Жобалар: 12+ салалар бойынша;
  • Қорытынды жоба: өз стартапыңыздың MVP нұсқасы;
  • Сертификат: AI-Sana бағдарламасының III кезеңінен өту туралы.

AI-Sana бағдарламасының 3-кезеңі студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолданып, өздерінің AI-өнімін жасауды ұсынады. Осы 16 апта ішінде студенттер жаңа құралдарды меңгеріп қана қоймай, нейрондық желі құрудан және нақты салалық мәселені талдаудан бастап, жұмыс істейтін MVP әзірлеуге дейінгі толық жолды өтіп шығады. Олар жасанды интеллект нақты қандай мәселелерді шеше алатынын анықтауды, шешімнің әлеуетті құндылығын бағалауды және техникалық идеяны жұмыс берушіге, менторға, акселераторға немесе инвесторға ұсынуға болатын өнімге қалай айналдыруға болатынын үйренеді.

Академиялық жетекші

Пол Ким — білім беру технологиялары (EdTech) саласы бойынша американдық танымал сарапшы, профессор және Стэнфорд университетінің Жоғары білім беру мектебінің (Stanford University Graduate School of Education) технологиялар жөніндегі директоры (CTO).

Оқу екі платформада жүргізіледі:

  • Platonus — бағдарламаның негізгі платформасы;
  • Stanford SMILE — мұнда тапсырмалар, емтихандар мен қорытынды жоба орындалады, сондай-ақ жұмыстарды бағалау да осы жерде жүргізіледі.

Platonus платформасындағы сабақтар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде өтеді, ал SMILE платформасындағы тапсырмалар ағылшын тілінде беріледі.

Бағдарламаның үшінші кезеңіне алдыңғы іріктеу кезеңдері мен білім беру модульдерінен өткен 60 000-ға жуық студент қатысады. Бұл кезеңде негізгі назар базалық білім беруден цифрлық және салалық өнімдерді практикалық түрде жасауға ауысады. Студенттік командалар өз жобаларын тәжірибелі сарапшылар мен менторлардың жетекшілігімен әзірлейді. Қатысушылар жобаларды құрастырумен, шешімдерді нарықтың нақты талаптарына бейімдеумен және масштабтау стратегияларын әзірлеумен айналысады. Бағдарламаның соңында командалар американдық инвесторларды өз өнімдерімен таныстырады.

Нақты индустрияға қажетті өзіңнің AI-шешіміңді құрастыр

AI Sana 3-кезең – бірінші бағдарламаны аяқтап, әрі қарай жалғастыруға дайын болған адамдар үшін. Оқуға Alpha Intelligence Capital және IFC венчурлік инвесторлары, «мүйізді» бизнестің негізін қалаушылар, Wiley Rein компаниясының заңгерлері, сондай-ақ Stanford пен Кремний алқабынан өткен қазақстандық кәсіпкерлер қатысады. Бағдарлама жергілікті жобамен ғана айналысып қоймай, жаһандық нарыққа шығуға қабілетті компания құруды көздейтін жандарға арналған.

3-кезең саған лайықты, егер де:

  • Сен AI Sana Program 1 бағдарламасын аяқтаған болсаң;
  • Сен ЖИ-ді тек түсініп қана қоймай, белгілі бір есепті шығару үшін код жазатын болсаң;
  • Нақты өндіріс қалай құрылғанын, ЖИ оның қай жеріне орналасқанын білгің келсе;
  • Сен 5 адамнан құралған командада жұмыс істеуге дайын болып, инвесторға көрсетуге қысылмайтын жобамен айналысатын болсаң.

Бұл – жоғары талапты бағдарлама. Әр апта сайын Google Colab-та код жазу, оқу, топтық жұмыс және SMILE платформасында бағалау жүргізіледі. Қорытынды жоба – эссе емес, презентациясы мен видеопитчі бар MVP. Яғни, командалар инвесторларға ұсынатындай жоба.

Алдын ала не білу керек

Python тілінің базалық деңгейін, машиналық оқытудың негізгі принциптерін, Google Colab-пен және генеративті жасанды интеллектпен сенімді жұмыс істей білу қажет. Мұның барлығын сен AI Sana Program 1 бағдарламасы бойынша меңгеріп шықтың – егер қандай да бір олқылықтар барын сезсең, стартап басталғанға дейін бірінші модульдің материалдарын қайта қарап шығу керек.

Сонымен қатар ағылшын тілін білу қажет. Себебі финалда жазатын питчке ағылшын тіліндегі субтитрлер қосылуы тиіс – Сан-Францискода немесе Сингапурда отырған инвестор оған дәл солай қарайды. Бағдарламаның әр спикері ағылшын тілінде сөйлейді. Қор өкілдері қол қоятын құжаттар да ағылшын тілінде жазылған. Ағылшын тілінде жазылған материалдармен 16 апта бойы жұмыс істей отырып, сен шешімдер қабылданатын ортада келіссөз жүргізе алатын деңгейге дейін көтеріліп, бағдарламаны аяқтайсың.

3-кезеңнің нәтижесі бойынша не меңгеріп шығасың

AI-жүйелерді түсінуді ғана емес, оларды құруды да үйренесің

Сен нөлден бастап нейрондық желі жазасың, өзіңнің CNN деңгейіңді жетілдіресің, QLoRA арқылы тілдік модельді толықтырасың, FAISS-та RAG-конвейерін жинақтайсың. Бірінші модульдің соңында сенде сөйлей алатын робот болады, ол контексті есте сақтап, кеңістікте қозғалуға бейім болады. Бітті – осылайша барлығын өз қолыңмен Google Colab арқылы жасап шығасың.

Индустрия шын мәнінде қалай жұмыс істейтінін түсіну

Жасанды интеллект шешімін ұсыну үшін, алдымен оны жақсарту жолдарын өзің түсініп алуың керек. Сен көзге көрінбейтін ең кіші жерлерді көретін боласың, нақты ROI санап шығарып, ЖИ жасап шығарған есептерді басқа құндылықтардан – яғни әдемі де сәнді сөздерден ажырататын боласың. Кейстер 11 саладан тұрады.

Ешбір модель автоматтандыра алмайтын дағдылар

Пол Ким көшбасшылығының алты қағидасы бар – коммуникация, ынтымақтастық, креативтілік, сыни ойлау, жанашырлық және шын ниеттілік. Жасанды интеллект контент жасағанша, адамдар оның мағынасын қалыптастырады. Бұл модуль – адам қалайша өзіне жұрттың үмітін артып, оларды соңынан ертіп, сенім қалыптастыра алатыны туралы.

3-кезеңнен меңгеріп шығатын ең маңызды нәрсе – жаһандық инвесторлар мен әлемдік индустрияларға шын мәнінде не қажет екенін түсіну. Сен бұл білімді жүздеген миллион доллармен жұмыс істейтін қорлардың серіктестерінен және AI технологияларын Novartis, Snowflake және Interactive Brokers компанияларында енгізіп жүрген мамандардан тікелей алып шығасың. Осы түсінік арқылы сен жергілікті нарыққа ғана емес, бірден жаһандық нарыққа бағытталған стартап құра аласың.

Бағдарлама қалай құрылған

Үшінші кезеңнің дизайнындағы әрбір шешім Стэнфордта білім беру технологиялары саласы бойынша жиырма жылдан астам уақыт бойы жинақталған зерттеулерге негізделген.

  • Көшбасшылықтың 6C қағидасының алты принципі: Communication – коммуникация, Collaboration – ынтымақтастық, Creativity – креативтілік, Critical Thinking – сыни ойлау, Compassion – жанашырлық, Commitment – адалдық пен табандылық;
  • Практика теориядан да маңызды: әрбір тақырып Lecture → Experiment → Lecture → Experiment циклі бойынша өтеді. Сен жай ғана тыңдап қоймайсың – параметрлерді өзгертесің, модельді бұзып көресің, не болғанын бақылайсың, сөйтіп оның себебін түсінесің;
  • Бес адамнан тұратын командалар: 3-кезеңдегі барлық жобалар командамен орындалады. Бұл тек тексеруді жеңілдету үшін емес – нақты өнімдер жалғыз адамның күшімен жасалмайды. Қысым мен белгіленген мерзім жағдайында өзара келісімге келе білу – код жаза білу қабілеті сияқты маңызды.

16 апта ішінде жасалатын бағдарламалар модулі

1. ЖИ бағдарламалауының негіздері

Бағдарламаның ең ауқымды модулі: Google Colab-тағы 54 код сегменті. Сен қолмен жазылған бір нейрондық желіден бастап, әңгіме контекстін есте сақтайтын және кеңістікке бейімделуді үйренетін үй роботының прототипіне дейін жетесің.

Модульдің қорытынды тапсырмасы – үйренген төрт әдісті бір жүйеге біріктіретін оқу жобасы: embeddings арқылы ниеттерді анықтау, RAG және FAISS көмегімен есте сақтау, жауаптарды генерациялау және оқуды нығайта түсу.

2. Салалы білімдер

Жасанды интеллект шешімін ұсынбас бұрын, ең алдымен оны жақсарту жолдарының процесін түсініп алу керек. Бұл модуль нақты ұйымдардың қалай жұмыс істейтінін көруге арналған: уақыт қай жерде жоғалады, артық қорлар қай жерде жиналады, сатып алу туралы шешімді кім қабылдайды.

Модульді Бостон университетінде 20 жыл бойы операциялық менеджмент профессоры болып келген, студенттердің сауалнамалары бойынша үздік оқытушы атанған доктор Ю Тэк Ли жүргізеді. Оның әдісі қарапайым: процесті толық түсінбей тұрып енгізілген жасанды интеллект көбіне ешқандай нәтиже бермейді.

3. Нарықтағы трендтер мен кейстер

Венчурлік қор қай секторға инвестиция салуды қалай таңдайды? Неліктен кейбір AI-компаниялар өздерін бәсекелестері көшіріп алудан қорғанған, ал кейбірі нарыққа жаңа базалық модель шыққан сәтте-ақ жоғалып кетеді? Бұл модуль – жүздеген миллион долларды айналдырып отырған инвесторлардың ойлау жүйесімен тікелей танысу мүмкіндігі.

Бөлек тақырып – Орталық Азия нарығынан жаһандық нарықтарға қалай шығуға болады. Бұл абстрактілі теория емес, нақты бағдарламалар, желілер және адамның ісі арқылы жүзеге асатын жол: Astana Hub, Silk Road Innovation Hub және Кремний алқабымен байланыс орнату мүмкіндіктері.

4. Қолданбалы кәсіпкерлік дағдылар

Прототип дайын. Енді не істеу керек? Бұл модуль төлем жасауға дайын тұрған тапсырманы жай ғана қызықты болып көрінетін тапсырмадан ажырату туралы. Оның негізінде алты критерийден тұратын сүзгі жатыр. Бұл критерийлер идеялардың арасынан перспективалы еместерін алып тастап, оған жарты жыл уақытты босқа жұмсамаудың алдын алады.

Мұндағы спикерлердің тәжірибесі әртүрлі: инвесторлар, зияткерлік меншік саласындағы заңгерлер, қаржы директорлары, капиталы 100 млрд АҚШ долларын құрайтын брокерлік компанияның CEO-сы. Әрқайсысы идеядан бастап, алғашқы сатылымдарға дейінгі жолдың өзіне тиесілі маңызды кезеңін қамтиды.

5. Көшбасшылық пен командада жұмыс істеуге қажетті әмбебап дағдылар

Ұзақтығы: шамамен 39 сағат, 13–15 апталар.

Жасанды интеллект код жазады, мәтіндерді реттеп, презентациялар жасайды. Бірақ ол адамдарды өз соңынан еруге сендіре алмайды, сенім қалыптастырмайды, әрі деректер жеткіліксіз болып, шешімді дереу қабылдау қажет болған жағдайда ЖИ шешім қабылдай алмайды.

Бұл модуль «алты С» тұжырымдамасы негізінде құрылған және ол практикалық тәсілмен жүргізіледі: жаттығулар, кейстерді талдау және команда мүшелерінен кері байланыс алу. Спикерлер – мүйізді бизнес-компанияларды басқаратын, TED сахнасында сөз сөйлейтін және дәрігерлерді клиникалық жасанды интеллектпен жұмыс істеуге үйрететін мамандар.

6. Қорытынды кезең – MVP-жоба

Ұзақтығы: шамамен 10 сағат, 16-апта.

Қорытынды апта. Сенің командаң нақты бір саланың ең қиын мәселесін таңдап алып, соның негізінде жұмыс істейтін прототип әзірлейді және оны инвестор алдында таныстырғандай етіп, слайдтар мен бейнепитч арқылы қорғайды. Бұл – бағдарламадағы контент жасау үшін жасанды интеллектіні пайдалануға тыйым салынған жалғыз тапсырма. Бұл ЖИ жаман болғанынан емес, себебі жобаның басты мақсаты – модельдің емес, сенің ойлау қабілетіңді көрсету.

Қалай қатысуға болады?

Егер де сен жасанды интеллекті үйренуді аяқтап, өз өніміңді жасауға дайын болсаң, AI-SANA 3-кезеңіне қосыл. AI Sana 3-кезеңіне қатысу үшін, Platonus платформасында тіркелесің. Тіркелгеннен кейін оқудың басталуы және бағдарлама материалдарына қолжетімділік туралы ақпаратты қадағалап отыр. Тапсырмаларды орындап, қорытынды жобамен жұмыс істеу үшін Stanford SMILE платформасы да қажет болады.

Тіркелуді кейінге қалдырма: оқу жақында басталады. Командаңды таңда да, идеядан бастап, жұмыс істейтін өнімге дейінгі жолды дәл қазір анықта!