Minor (Минор) қосымша білім беру бағдарламасы – білім алушыларға қосымша құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында анықталған пәндер және (немесе) модульдер және оқу жұмысының басқа да түрлерінің жиынтығы (Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру қағидалары ҚР БҒМ 12.10.2018ж № 563 бұйрығы).
Minor - бұл студент үшін негізгі емес бағыттағы өзара байланысты төрт пәннің блогы. 2-курстан бастап білім алушылар оқытудың жеке траекториясын айқындау кезінде пәндерді негізгі білім беру бағдарламасынан, жалпы көлемі-20 кредит болатын қосымша білім беру бағдарламасына ауыстыра алады.
Әрбір білім алушы бір Minor таңдауға міндетті.
Қосымша (Minor) білім беру бағдарламасы | Бизнесті басқару және әкімшілендіру |
Білім беру бағдарламасының мақсаты | Экономика, Менеджмент және бизнес әкімшілендіру саласында қажетті құзыреттілікке ие, оларды практикалық қызметте қолдану мақсатында талдай және қорытынды жасай алатын жоғары білікті маман дайындау |
Білім беру бағдарламасының міндеттері |
|
Күтілетін оқу нәтижелері |
Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы:
|
Пән туралы ақпарат |
|
Инновациялық бизнес |
"Инновациялық бизнес" курсы студенттерде инновациялық кәсіпкерлік саласында макро деңгейде (инновациялық процесс теориясы, инновациялық даму Тұжырымдамасы, инновациялардың жалпы сипаттамасы), сондай-ақ микро деңгейде (инновацияларды жүзеге асырудың негізгі факторлары, инновациялық компанияны құру және дамыту, инновациялық стратегияны таңдау, инвестицияларды тарту) білім кешенін қалыптастыруға арналған. Оқытушы Экономика ғылымдарының кандидаты "Экономика және бизнес" кафедрасының қауымдастырылған профессоры
|
Салық және салық салу |
"Салық және салық салу" курсы қаржы және мемлекет туралы ілімді көрсетеді - салықтардың мәні мен салық салу механизмін білудің теориялық негізі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа салық салу жүйесінің тарихи және логикалық тәсілдерінің маңызы, Қазақстанда салықтар мен міндетті төлемдердің жұмыс істеуінің құқықтық аспектілері зерделенеді. Оқытушы Арзаева Маия Бакбергеновна Экономика ғылымдарының кандидаты "Экономика және бизнес" кафедрасының қауымдастырылған профессоры
|
Менеджмент |
Бұл курс басқару мазмұнын ашады, басқару туралы білім жиынтығын қалыптастырады, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың, басқару және жобалау жүйелерін талдаудың нақты дағдыларын дамытады. Аталған курс барысында басқару теориясының дамуының тарихи алғышарттары; менеджменттің теориялық аспектілері, оның технологиясы; менеджменттің әдістері мен функциялары, персоналды басқару дәйекті түрде қарастырылады. Оқытушы Бижанова Бакыткуль Мамырбаевна Экономика ғылымдарының кандидаты "Экономика және бизнес" кафедрасының қауымдастырылған профессоры |
Инновациялық маркетинг |
Курс бизнесте де, академиялық ортада да сұранысқа ие болатын маркетингтік зерттеулер саласында қолданбалы білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Барлық тақырыптар теориялық тұрғыдан қарастырылады және компаниялардың кейстерін шешу және өз жобаларын іске асыру арқылы практикада пысықталады. Оқытушы Тлеужанова Манатжан Ашимкуловна Экономика ғылымдарының кандидаты "Экономика және бизнес" кафедрасының қауымдастырылған профессоры
|