Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары «Ұстаздар күні» қарсаңында:
- Татибеков Бауыржан Нұрланұлы - «Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі;
- Колмыкбаев Батырбек Хамитұлы- «Технологиялық жабдықтар және стандартизациялау» кафедрасының профессоры;
- Нургалиева Рахилия Турсынжанова- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының лекторы;
- Турысбекова Ғалия Жанмолдановна- «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының лекторы;
- Бейсбаева Саркыт Жұмайқызы- Кітапханашы.
университет өміріне белсенді араласып, алға қойған стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда және сапалы мамандар даярлауда қосқан үлесі үшін Ректордың алғыс хатымен марапатталды.