Главная Новости «Қарттарым – асыл қазынам»
06 қазан 2021                  318990
«Қарттарым – асыл қазынам»

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қа­лып­тасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құр­мет көрсетіледі. Биыл да мерейлі  мереке өз деңге­йінде аталып өтілді. Дәстүрлі жиындардан бөлек еліміздегі Ардагерлер ұйымы  1  қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясына шақыратын үндеу жариялады. 

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - әлеуметтік жағынан аз қорғалған қарт адамдарға, аға буын жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, қайырымдылық көмек көрсету. Бұл күні елімізде ғана емес, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, білім алушылар мен жастар тарапынан қарияларға арналған алуан түрлі қызықты да танымды жобалар ұйымдастырылады.

Игі дәстүрден біздің ҚазИТУ колледжіде тыс қалған емес. Колледжіміздің белсенділері «Белсенді ұзақ өмір» орталығына барып, концерттік бағдарлама көрсетіп, қарттар күнімен құттықтап, өздері дайындаған сыйлықтарын табыстап қайтты.

Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!