Главная Новости Орталық мұражайға саяхат
12 қараша 2021                  318997
Орталық мұражайға саяхат

12.11.2021ж. ҚазИТУ колледжінің 2-курс студенттері Алматы қаласында орналасқан негізін сонау 1925 жылы қаланған 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдары бар орталық мұражайды тамашалады. Бұл саяхат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттерді мұражайдағы құнды деректік жәдігерлермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Р. Кемпишеваның ұйымдастыруымен білім алатын тыңдаушылар, студенттер қаламыздың көрікті жерлерін, мәдени орындарын тамашалап өздерін рухани азықтандырды. Солардың ішінде орталық мұражайдың орны ерекше. Мұражайда адамзаттың қалыптасуынан бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстанның өмірінен сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Біздің студенттерімізді орталық мұражайда ең қызықтырғаны өздері жақында ғана Қазақстан тарихынан өткен тақырыптарға қатысты тас, қола, темір, түрік дәуірінің ескерткіштері болды.