Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев ҚазИТУ студенті Айдархан Кемаладиновты « Ерлігі үшін » медалімен марапаттады
11 шілде 2022                  319167
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев ҚазИТУ студенті Айдархан Кемаладиновты « Ерлігі үшін » медалімен марапаттады

19 қазан  Қазақстанда – Құтқарушылар күні. Күн сайын өз өмірін тәуекелге тігіп, тілсіз жаумен арпалысып, талай адамның өмірін аман сақтап, өз жұмысын адал атқарып келе жатқан батырларымыз қаншама.Солардың бірі , Қазақстан  инженерлік – технологиялық университеті Жартылыстану – ғылыми пәндер кафедрасы,  қоршаған ортаны қорғау және оның өмір тіршілігінің қауіпсіздігі  мамандығының 4 курс студенті, университет мақтанышы Айдархан Кемаладинов.

 

Ол қазіргі таңда Нұр- Сұлтан қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің № 6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші – құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты. 14 қазан күні, Сарыарқа көшесі, 11 мекен-жайындағы « Кенесары» тұрғын үй кешенінде өрт жағдайы орын алған .Сол маңда қонақта болған Айдархан Кемаладинов 7 қабаттан өрт түтінін байқап, іште адам барын сезіп, дереу көмекке келген. Пәтерде жүкті әйел мен төрт бала болған. Айдархан Кемаладинов дереу өз қызметіне кірісіп, жүкті әйел мен балаларды төменге түсіре бастаған. Сол сәтте өрт сөндіру қызметі де жедел келіп үлгерген. Өрт сөндірушілер келген бойда 7- қабаттағы 10 шаршы метр алаңдағы үй заттары мен терезе жақтаулары жанғанын анықтады. Тілсіз жаудан аман қалған отбасыға жедел – жәрдем қызметкерлері келіп, алғашқы көмек көрсеткен.

 

Өрт кезінде жалыннан қаймықпай , батырлық танытқаны үшін 5 мамыр күні өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолынан « Ерлігі үшін » медалімен наградталды. Айдархан Кемаладинов бүгінде халық батыры, ҚазИТУ – дың мақтанышы !