Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Тәлімгерлер сағаты жоғары деңгейде өтті
23 қараша 2021                  318931
Тәлімгерлер сағаты жоғары деңгейде өтті

17 қараша Халықаралық студенттер күні қарсаңында өткен «Қызыққа толы, студенттік өмір!» атты мерекелік іс-шара бағдарламасына сәйкес, Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының құрамы, Студенттер үйінде тәлімгерлер сағатын өткізді.Бұл шараның мақсаты-студенттердің бір-бірімен достық, таныстық қарым-қатынастарын нығайту. Тәлімгерлер тарапынан студенттерге ақыл- кеңес беру, болашаққа бағыт-бағдар көрсету, студенттердің ата- анасымен танысу , байланыс жасау.

 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.Ш.Абдисулейменова студенттер үйінде тұрып жатқан 2-курс студенттері Байғазы Дильназ БТ, Сұлтан Махаббат ПОВ, Сұлтан Мөлдір туризм, Толғанасова Аружан туризм мамандықтары бойынша білім алып жатқан шәкірттерінің жағдайларын сұрап, студенттерге сый-сияпат жасады.Сонымен қатар, кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б.Нуртазаева, пән оқытушысы Қ.Шоқаева студенттерге тәлімгер ретінде ақыл- кеңес беріп, іс-шара фотосессиямен өз мәресіне жетті.