2022 жылы 19 қаңтарда сағат 14.00-де Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Бәсекелестік ортадағы университеттердің дамуы: трендтер мен болашағы» атты онлайн форматта халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.
Халықаралық конференция жұмысына, Ресей, Ұлыбритания, Латвия жоғарғы оқу орындарының мамандарымен қатар, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен студенттер қатысады.