Азық-түлік өнімдерінің технологы - бұл шикізатты алғаннан бастап дайын өнімді буып-түйгенге дейінгі барлық сатыда өндірілетін тамақ өнімдерінің сапасына жауап беретін маман.
Кәсіби қызмет саласы: Азық-түлік өнімдерінің өндірісі: шикізат пен дайын өнімнің технологиясы, ұйымдастыру, басқару және сапасын бақылау; қоғамдық тамақтану өнімдері; жобалау институттары; ғылыми-зерттеу ұйымдары; әр түрлі нысандар мен меншік түрлерінің кәсіпорындары; білім беру қызметі.
Кәсіби қызмет саласы мен нысаны: Азық-түлік өнімдерін өндіру (технология, ұйымдастыру, басқару және бақылау) өндірісі: ет, сүт, ет-сүт өнімдері; балық, балық өнімдері; консервілер мен азық-түлік концентраттарын өндіру үшін жануарлар мен өсімдік тектес шикізат; өсімдіктер мен жануарлардан алынатын май, эфир майлары; қоғамдық тамақтану өнімдері, жобалау институттары, ғылыми-зерттеу ұйымдары; әр түрлі нысандар мен меншік түрлерінің кәсіпорындары; білім беру мекемелері.