Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда 18 ақпан күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және төзімділікті жемқорлықтың кез-келген қоғамда қалыптастыру мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру» тақырыбында семинар өтті.
Басқосуда дәріскер Д.А.Ашимбаев университет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жиынның мән-маңызына тоқтала келе, жемқорлық пен құқық-бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайларды алдын алып, оларды жою, қызметкерлердің білімін көтеру, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру туралы айтты.