Главная Новости Ұлттық әйелдер хоккей лигасында ойнаған алғашқы қазақ ойыншысы ҚазИТУ-да оқиды
25 march 2022                  319012
Ұлттық әйелдер хоккей лигасында ойнаған алғашқы қазақ ойыншысы ҚазИТУ-да оқиды

Жуырда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенті, Әйелдер арасындағы  Хоккей Ұлттық құрамасының мүшесі, жас хоккейші, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Бұлбұл Қартанбай ,Астана қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден  қайырымдылық турнир өткізді. Сайыста Әйелдер хоккей академиясының  спортшыларымен қатар,  спорт сүйер жас буын өкілдері де бақтарын сынады.

 

Айта кетсек, Бұлбұл Қартанбай Әйелдер арасындағы алғашқы Қазақстандық NHL, АҚШ Пристон хоккей клубының бас жаттықтырушысы, Қазақстандық хоккей шабуылшысы, қазіргі уақытта кәсіби әйелдер хоккейшілері қауымдастығының мүшесі және Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.Сонымен қатар Ұлттық әйелдер хоккей лигасында ойнаған алғашқы Қазақ ойыншысы. Астана қаласындағы алғашқы «Әйелдер хоккей академиясының» негізін қалаушы. Отандық спорт саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, ірі компаниялар, әлеуметтік ұйымдар мен ақпараттық агенттіктер қолдау білдіріп, демеушілік етті. Аталмыш сайыстың өтуіне себепкер болған Бұлбұл Қартанбай, «Мәдениет және спорт министрі маған сенім артып, әйелдер спортының елшісі етіп тағайындағанына алғысым шексіз! Әлемнің біраз елін аралап, туған жерге оралдым. Мұнда жас спортшыларға тәжірибелі мамандардың көмегі қажет екенін көріп тұрмын, сол себепті, кем дегенде әйелдер хоккейін дамытуды қолға аламын. Ары қарай мүмкіндік болып жатса, көреміз. Спорттың қай саласында болсын Қазақстанның атын шығаратын қыздар керек. Кәсіби спортшы ретінде жаттығуыма, шәкірт тәрбиелеу мен әлемдік чемпионатқа қатысуға қарсы емеспін. Қазір Финляндия, Канада, АҚШ академияларымен келіссөздер жүргізіп жатырмын. Қазақстандағы хоккей академиясының тәуелсіз болғанын қалаймын. 3-4 жылдан соң біз ойыншыларды дәл сондай жатын орны, тамақтануы мен жаттығу деңгейін қамтамасыз етіп, шетелге жібереміз деп ойлаймын. Осы кезде біз бәріне Қазақстандағы кәсіби хоккей деңгейін көрсете аламыз. Біздегі спортта маркетинг жағы дамымаған, қазір қазақстандықтардың 5% ғана бізде ұлттық құрама бар екенінен хабардар. Болашақта жас спортшы қыздарға көмектескім келеді және ашылып жатқан хоккей-шайба академиясы халықаралық дәрежеге жетіп, мұздағы ғана ойын емес, хоккейлі-ролик болса деймін. Барлығы біздің қолымызда және мен әрдайым қыздар спортын дамытуға барымды салатын боламын. «Қыздар спортынан пайда жоқ» деу стереотип екенін және осы жолды жүріп өткендіктен бізге тек қолдау болғанда ғана нәтиже шығатынын білемін. Әйелдер спортына бюджет пен маркетинг көбірек бөлініп, мен сияқты жас спортшыларға қолдау көрсетілсе, біз де ел үмітін ақтауға тырысамыз!» - деп пікірін білдірді.