Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күн талабы
Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін қоғамның құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы орасан зор.
Осы орайда 15 наурызда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде, «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ескерту және жастар арасында жиі орын алатын қылмыстар туралы құқықтық ақпаратты білімгерлердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында тарату, түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
![](https://ais.kazetu.kz/documents/storage/16/1648208977_0.jpg)
Жиында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ,Жемқорлыққа қарсы күрес жетекшісі Д.А.Ашимбаев білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жиынның мән-маңызына тоқтала келе, жемқорлық пен құқық-бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайларды алдын алып, оларды жою, жастардың құқықтық сауаттылығын нығайту, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру туралы баяндады.
Сөз соңында сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті екендігін студенттерге түсіндірді.