Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие білім беру бағдарламаларының бірі - "Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі"бойынша үздік кадрларды дайындайды. "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" мен "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" негізінде құрылған "тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі" білім беру бағдарламасының студенттерге арналған екі траекториясы бар
Аталмыш бағдарламаны құру алдында білікті мамандармен кездесулер, дөңгелек үстел өткізіліп, "Тамақ кәсіпкерлерінің одағы" ЗТБ М.Д. Сабралиева, Қазақ тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институты ЖШС А.Б.Оспанов сынды белді өндіріс орындары жұмыс берушілерінің пікірі тыңдалды. Жұмыс берушілер "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге болашақта "Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы" туралы білім қажет, басқаша айтқанда бұл "Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі" білім беру бағдарламасының негізгі ерекшелігі болып табылады деген пікір білдірді. Осы орайда екі білім беру бағдарламалары біріктіріліп, нәтижесінде "Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі" деген атаумен жаңа білім беру бағдарламасы құрылды.